Коронавирустың алдын алу үшін жеті қадам
ҚР ДСМ коронавирус немесе ЖРВИ, тұмаудың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігін жариялады.
Ведомство ол үшін жеті қадам қажет екенін алға тартады:
1). Даладан келе сала, бөгде адамдармен қарым-қатынасқа түскеннен кейін қолыңызды сабынбен жақсылап жуыңыз;
2). Қоғамдық орындарда бір рет пайдаланатын медициналық масканы қолданыңыз. Сонымен қатар әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отырыңыз;
3) Гаджет, кеңсе техникасы мен қолданатын заттарды дезинфекциялаңыз;
4). Қоғамдық орындарға (ОСК, Спорт және ойын-сауық шаралары, кептеліс кезіндегі қоғамдық көлік) барудан аулақ болыңыз;
5). Амандасқанда өзіңізді құшақтасу мен қол алысудан шектеңіз;
6). Тұмаурату болуы мүмкін адамдармен жақын байланыстан және бір үй-жайдан аулақ жүріңіз;
7). Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды қолданыңыз.
Ақпарат көзі: ҚР ДСМ