Құрмаш Махан: Бала күнімде археолог болуды армандадым
Бүгін «Дәмді Life» бағдарламасында әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер Құрмаш Махан қонақта. Бағдарлама барысында қонақпен бірге тауық еті қосылған бәліш пен жидек қосылған құймақ пісіреміз. Көрерменді дәмді ас, жарасымды әңгіме және көтеріңкі көңіл-күй күтеді.

