Құрылыс компаниялары жаппай тексерілуі мүмкін

Құрылыс компаниялары жаппай тексерілуі мүмкін

Құрылыспен айналысуға рұқсат алған компаниялардың бәрі тексеруден өтуі мүмкін. Бұл жұмысшылар саны мен материалдық ресурстардың көлемін нақты уақыт режимінде бақылап, нарықтан біліктілігі жоқ компанияларды аластатуға мүмкіндік береді. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында Құрылыс кодексінің жобасын таныстырған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі осылай дейді. Құжатта саладағы нормативтерді реттейтін ұлттық институт құру да көзделген. Оның негізгі міндеті азаматтардың қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын нығайтуға бағытталған техникалық нормативтік талаптарды әзірлеп, енгізу болады. Ол ұйымға Беларусь пен Ресей Федерациясының тәжірибесі бойынша құрылыс нормалары саласындағы ұлттық институт мәртебесі беріледі деп болжанып отыр.