Қырғызстанның ірі қаласы – Қарақол
Қырғызстанның көлемі жағынан алғанда төртінші ірі қаласы Қарақолда 100-ге жуық қазақ отбасы тұрады. Қазақтардың Ыстықкөл аймағына келуі және қоныстануы елдегі орын алған қайғылы оқиғалардың салдары және ол 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде режимнің саяси қуғын-сүргінінен қашқан адамдар келді. Екінші кезең Қазақстанда аштықтан көп адам қырылып қалған 1932-1933 жылдарды қамтыды. Тарихи отанына деген сүйіспеншілігі мол, алайда бір кездері ата-анасына пана болған елде қалуды ұйғарған кейіпкерлеріміз ата-анасының бұл жерге қалай келгенін және өздерінің қазір Қарақолда қалай өмір сүріп жатқанын баяндап береді. Екі туыс халықтың достығы туралы фильмді Qazaq TV телеарнасындағы «Қандастар: Қарақолдағы өмірден бір күндік үзінді» жобасынан көріңіздер.