Ләйлә Сұлтанқызы: Ер адамдар да көмек сұрап, хат жазады
Бір жарым жылдың ішінде 24 жұп жоба пациенттерінің қатарында болды. Оның 10-ы ата-ана бақытына бөленді, 10 келіншек жүктілік кезеңінде, 4 жұбымыз кезекті ЭКҰ-ға дайындық үстінде.
Еліміздің 13 өңірінде іссапармен болып, талай шақырымды артта қалдырдық. 41 рет ота залынан өттік. Жыладық, қуандық, мұңайдық. Бірақ үміт ешқашан өшпеді. Бәріміз жақсылыққа сендік. Армандар орындалатынына көзіміз жетті.

