Мәңгілік достық
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді.
Мемлекет басшыларының екіжақты кездесулері кезінде екіжақты табысты ынтымақтастықтың 32 жылындағы жетістіктер сарапқа салынды.
Сондай-ақ, инвестициялық саладағы ынтымақтастықты тереңдету, сауда құрылымын әртараптандыру мен тауарлар атауларын арттыру, «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын одан ары ілгерілету, екі елдің көлік ынтымақтастығын кеңейту және мәдени-гуманитарлық саладағы көпқырлы өзара іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. Осынау маңызды сапар барысынан әзірленген «Мәңгілік достық» деректі фильмін назарларыңызға ұсынамыз.