Елеке сазы қорымы
Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде Алтайдан шығысында Қытайға дейінгі аумақты алып жатқан үлкен өңір. Бүгінгі мақсатымыз – Тарбағатай тауындағы Елеке сазы алқабына жету.
Бізді экспедицияның жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әбдеш Төлеубаев қарсы алды. Ол тарихтағы бірқатар маңызды жаңалықтарды ашқанымен белгілі.
Обаны Әбдеш Төлеубаев алғаш рет 80-жылдардың соңында көрген екен. 20 жылдай бұрын археологтардың назары Елеке сазына түседі. Міне, биылғы жылы бұл обаның бар құпиясын білуге әзірміз.
Патша обаларын ғалым 2003 жылдан бері зерттеп жүр. Сол жылы Әбдеш Төлеубайұлы Елеке сазына жақын жердегі Шілікті алқабындағы обадан сақ патшасының ертеректе тоналған себепті қатты бүлінген моласын табады. Ол жауынгердің Қырым Алтынбеков жасаған реконструкциясы қазір Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің алтын залында тұр. Содан бері еліміздің тарихи қорлары Әбдеш Тәшкенұлы мен командасы тапқан жәдігерлермен жыл сайын толығып отырады. Археологтар Елеке сазында былтырдан бері жұмыс істеп жатыр. Олар мұнда археологияны дамыту жөніндегі бағдарламаға мұрындық болған облыс басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасымен келген.