Маңғыстау облысының әкімі Мұнайлы тұрғындарымен кездесті
Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында ауылішілік жолдардың 70, ал елді мекендер арасын жалғайтын жолдардың 50 шақырымнан астамы жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек биыл екі мектеп пен 7 балабақша ашылды. Бүгін жергілікті халықпен кездескен облыс әкімі атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

