Маунтинбайктен Қазақстан чемпионы Кирилл Казанцевпен сұхбат

Бүгінгі бағдарламамызда Елордадағы 5 спорттық нысанды аралаймыз. Маунтинбайктен Қазақстанның 10 дүркін чемпионы Кирилл Казанцевпен сұхбат құрып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі кекушинкай каратэның дамуын айтамыз.

 Қазір қазақ елінің астанасында 1 миллионнан астам адам тұрады. Бұл – ресми дерек. Дәл осы дерекке сенсек, әрбір үшінші астаналық дене шынықтырумен айналысады екен. Белгілі бір спортпен кәсіби түрде шұғылданбаса да, футбол, баскетбол, волейбол ойнайтындардың саны көп. Салауатты өмір салтын ұстанатындардың үлесі бойынша Елорда көш басындағы шаһарлардың қатарында. Себебі, мұнда ең соңғы үлгімен жабдықталған спорттық орталықтар бар. Оларда халықаралық жарыс кезінде әлемдік деңгейдегі спортшылар бақ сынаса, жай күндері қала тұрғындары жаттығу жасайды. Көрермендерге арнап біз осындай 5 үздік спорттық нысаннның тізімін жасадық. Олар жайлы білгілеріңіз келсе бағдарламамызға үңіліңіздер.