Мәжіліс салық кодексіне қатысты бірқатар түзетуді мақұлдады

Мәжіліс салық кодексіне қатысты бірқатар түзетуді мақұлдады

Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өсуі мүмкін. Атап айтсақ, оның көлемі биржалық металдар бойынша 50, қалған қатты пайдалы қазбалар бойынша 30%ке ұлғайтылмақ.  Сонымен қатар, елде темекі өнімдерінің акцизасы өседі. Осылайша, 2024 жылдан бастап олар кемінде 28 евро деңгейінде болуы тиіс. Салық кодексіне енгізілетін осы және басқа да түзетулер туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. Ол сондай-ақ елде тау-кен өндірісі үшін енгізілген сараланған тарифтерге толығырақ тоқталды. Министр жаңашылдық «электр энергиясының құны неғұрлым төмен болса, төлем мөлшері де соғұрлым жоғары» болады деген қағидат бойынша жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Тиісінше, осындай жүйе  негізінен электр қуатының құнына байланысты болады.  Содан кейін барып ешқандай айырмашылық болмайды. Яғни майнерлерге салық жүктемесі шамамен бірдей түседі. Сәйкесінше, олар майнингтік фирмаларын электр станцияларына неғұрлым жақын орналастыруға талпынбайды.  Осының нәтижесінде,  электр энергиясының тапшылығы азайып, қуаттың үздіксіз таралуын қамтамасыз етеді.  Қазір олар әр киловат сағатына тек 1 теңге төлейді. 

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов