Медициналық пойыз теріскейге барады
Шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету мақсатында жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызы бұл күнде жер–жерді аралап жүр. Білікті мамандардан құралған бригада биыл 100-ден астам станцияға аялдап, 90 мың адамға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Жылжымалы кешен осы айда еліміздің солтүстігіне барады. Осылайша теріскейліктер де тегін тексеруден өте алады.
«Саламатты Қазақстан» пойызы 2010 жылдан бері жолда жүр.
Бригаданың құрамында хирург, онколог-маммолог, кардиолог дәрігерлер бар.
Барлығы 30-ға жуық маман, ауылдағы ағайынға медициналық қызмет көрсетеді. Шілде
айының 24-нен бастап олар Солтүстік Қазақстан облысында болып, 5 ауданда 7
станцияға аялдап, тұрғындарды қабылдайды.

