Мегаполис тұрғындары суды үнемдеуге көшті

Мегаполис тұрғындары суды үнемдеуге көшті

Мегаполис тұрғындары суды үнемдей бастады. Халық саны жыл сайын артып жатқанына қарамастан, Республикалық маңызы бар қалаларда жан басына шаққандағы тұтыну көлемі азайыпты. Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, елордада бір тұрғынның жылдық су шығыны 71 текше метрден 68 текше метрге төмендесе, Алматыда бұл көрсеткіш 73,3-тен 69 текше метрге қысқарған. Ал Шымкентте бір адамның тұтыну көлемі 64 текше метрден 62 текше метрге дейін азайыпты. Мамандар мұны су үнемдеу мәдениетінің қалыптаса бастағанымен байланыстырады. Қазір әуежайлар, вокзалдар, сауда және ойын-сауық орталықтары мен білім беру ұйымдарында тіршілік нәрін тиімді пайдалану жөніндегі ақпараттық материалдар кеңінен насихатталып жатыр. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, жыл соңына дейін педагогтерге арналған әдістемелік құрал әзірлеп, ата-аналардың республикалық форумын өткізуді жоспарлап отыр.