Мемлекет Басшысы Ұлыбритания Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет Басшысы Ұлыбритания Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трасты  Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады. Өз жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қос елдің стратегиялық серіктестігін жоғары бағалайтынын және көпқырлы қарым-қатынасын нығайту мен өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қос ел басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пейілде талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.