Мемлекеттен 79 мың білім гранты бөлінді

Мемлекеттен 79 мың білім гранты бөлінді

Биыл мемлекеттен 79 мың білім гранты бөлінген. Соның  60%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. «Педагогогтарға» да  мемлекеттік тапсырыс көп. Шамамен 14 мың грант. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына биыл 11 мың талапкер тегін түсе алады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің өрендеріне әжептеуір жеңілдік бар. ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар не наурыз айларындағы тест нәтижелерімен конкурсқа қатыса алады. Негізі, биыл бөлінген білім гранттарының 20%-ы апаттан зардап шеккен өңірлердің жастарына арналады.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына түсуге құжат тапсыру 13 шілдеде басталған еді. Үш күннің өзінде 42 мың талапкер өтінім беріп үлгеріпті.