Моңғолияда IV кіші құрылтай өтіп жатыр

Моңғолияда IV кіші құрылтай өтіп жатыр

Олардың қатарында мәдениет ошақтарының басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар ұйымдарының өкілдері бар. Құрылтай аясында ғылыми конференция, кино және мультфильм апталығы, бизнес-форум, ұлттық ойындар мен мерекелік концерттер өтеді. Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай шараларды өткізу екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, ұлттық сана-сезімі мен рухани байланысын арттыруға септігін тигізеді.Айта кетейік, бүгінгі таңда Моңғолияда 120 мыңға жуық қазақ тұрады. Олар елдегі моңғол ұлтынан кейінгі ең ірі этникалық топтардың бірі саналады.