Мүсінші Асқар Есенбаевтың философияға толы туындылары
Бұл – Асқар Есенбаев. Ол төрткүл дүниені алақанына сыйдыра білген қолы ашық, тума талант. Ол білім алып, өзін таныту үшін арнайы Флоренция, Римге барды. Ол Леонардоның жолын жалғау мақсатында Парижде болып, Джаконданың портетін көрді. Оның тамаша шығармалары әлемдегі ең айтулы музейлер: Мемлекеттік Третьяков галереясының, Қастеев атындағы мемлекеттік музейлердің көркін келтірсе, туындыларының бірқатары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Франция, Оңтүстік Корея сияқты елдердің жеке коллециянерлерінің қоржынын молайтып отыр.
Мүсінші өмірдің қатал сынақтарына толы деуге болады. Жары мен баласынан айрылып қалуы, өзінің өліп, қайта тірілуі, сондай-ақ суретшілік өнері мен шығармашылығы туралы бағдарламадан көре аласыздар.