Мүсінші шығармашылығындағы иконография бағыты
«Museum Stories» бағдарламасының бұл санында өнертанушы Екатерина Резникова белгілі қазақстандық суретші, мүсінші Асқар Есенбаевтың шығармашылығымен танысуға шақырады. Суриков атындағы Мәскеу өнер институтын аяқтаған қылқалам шебері қайталанбас қолтаңбасымен Батыс пен Шығыс өнерін, классика мен авангардты, әлем мәдениеті мен көне түркі тарихын тоғыстырған шығармашылығымен ерекшеленеді.