Науқас көңілін сұрау - сауапты амал

Барша ізгі амалдар сияқты бұл істі де шын ықыласпен атқаруға тиістіміз. Егер адам науқас кезінде Раббысына шынайы сабырлылық танытатын болса, оған сауапты істер де жазылып тұрады. Əрі ол пенденің күнəлары да кешіріледі. Дінімізде науқас адамның əртүрлі жағдайына (сабыр етуі, жалбарынуы) ғибадат еткеннің сауабы жазылады. Науқас кезінде мұсылман кісінің күнəлары да кешірілуі мүмкін.