Несіпбек Айтұлы: Бір жұдырықтай болатын болсақ, қазақты жау алмайды
Несіпбек Айтұлы – ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол кейін «Балдырған» мен «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында бірнеше жауапты қызмет атқарды.
«Бостандық жырының боз жорғасы» атанған қалам иесі «Алтын тамыр» бағдарламасының сұрақтарына жауап берді.