Ұлан Үсенов: Мұғалім өмірдегі жол көрсетуші
«Менің өмірлік ұстанымым қандай жағдай болмасын адам болып қалу. Оқу мен оқытау өмірдегі ең маңызды екі нәрсе екеніне жүрегіммен сенемін. Өзіндік тәжірибені қалыптастыру, оны бөлісу оңай емес», – дейді жас мұғалім Ұлан Үсенов.
Ұлан Үсенов - химя пәнінің мұғалімі. Ол «TikTok» әлеуметтік желісіндегі бейнероликтің арқасында көпке танылды. Бейнероликте 28 жастағы мұғалім химия пәнін жапон анимесі арқылы түсіндіреді. Оқу материалының түп нұсқалы презентациясы 100 мыңдаған оқушыға ұнаған. Қазір жас мұғалімнің парақшасында 250 мыңнан астам жазылушысы бар.