Нұрлан имам: «Дін мен ғылымды салыстырудың қажеті жоқ»
Есте жоқ ескі заманнан бері ғұламалар ғылымды діни дүние деп бөлмеген. Ислам діні - ғылым-білім діні. Сондықтан Қасиетті Құранның 719 жерінде ғылым, білім туралы бекер айтылмаса керек. Құранның адам баласына түсірген бірінші сөзі де «Оқы!» екені кездейсоқтық емес. Ендеше «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» Байлықтан қайырлы не болмақ? Ұлы Абайды толғандырған білім мен ғылым мәселесінен бүгін біз нені ұғамыз? «Жүрек сөзінде» кеңінен тарқатып айтамыз!

