Оқ тиген шенеунік дәрігерлер бақылауында

Оқ тиген шенеунік дәрігерлер бақылауында

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер оның жағдайы бір қалыпты деп мәлімдеді. Айта кетейік, 21 сәуір күні кешкі 20:30-дар шамасында қала әкімі орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалып, үш рет оқ атқан. Дереу ауруханаға жеткізілген шенеуніктің өміріне дәрігерлер араша түсіп, 4 сағат бойы операция жасаған. Лауазымды тұлғаға оқ атқан 31 жастағы күдікті екен. Ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Шымкент әкімінің орынбасары міндетіне 40 жастағы Руслан Берденов ақпан айында ғана тағайындалған. Оған дейін 2 жылға жуық Парламент Мәжілісінің депутаты болды. ел оны кәсіпкер ретінде де жақсы таниды. қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.