Оқушыларға қашықтан оқу технологиясы қаншалықты тиімді?
Шамамен жарты жыл көлемінде біз коронавирус деген терминмен танысып, осы індетпен өмір сүруді үйрендік. Жаман індет әлемді жайлаған кезде білім саласы төңірегінде алып қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Қисынға келетіні бар, келмейтіні де бар.
Жаңа оқу жылында 3,3 мың оқушы мектеп табалдырығын аттауға тиіс болатын. Бірақ эпидимиологиялық ахуалға байланысты олардың 6/1 бөлігі ғана мектепке барды. Қалғандары қашықтан білім алады.
Жаһанды жаулаған індет бүгінгі күні өз талаптарын қойып отыр. Сондықтан, денсаулық, экономика саларымен қатар, білім саласы да жаңа ережелерге бағынуға мәжбүр.
Қашықтан оқу технологиясы оқушыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл бастама болашақта зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға көмегін тигізеді.