Омар Жәлел: Абай адам болудың нақты жолын көрсетіп отыр
Омар Жәлел – абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты. Ол Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді қазақтың кемеңгер ойшылдарының мұрасын зерттеп, насихаттап жүрген ғалым. Сондай-ақ Омар Жәлелдің есімі көпшілікке «Харекет» деп аталатын кітабы арқылы жақсы таныс. Автор Абайдың «Адам бол – мал тап» қағидатын басшылыққа алып, оқырманға жол сілтейді.
Абайдың «толық адамы» қандай адам? Ақын шығармалары іскерлікке қамшылап, еңбекке бастай ала ма? Неліктен абайтану ғылымы қартайып кетті? Хакімнің «адам бол – мал тап» қағидасын басшылыққа алып, мұрасын оқырманға талдап, түсіндіріп жүрген ғалым Омар Жәлелмен сұхбат жүргіземіз.