Өмірдің мәні неде? | Жұманың кеші

Адамзаттың басқа тіршілік иесінен айырмашылығы - үнемі сұрақтар қойып, соған жауап іздеуі. Абай Құнанбаев: Адам өмірінің мәні - адамдықты сақтау. адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш-ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, деген екен.