Он жылдан кейінгі кездесу. АҚШ 1-бөлім

Осыдан он жыл бұрынғы бағдарламада Темірлан есімді қазақ баласының тағдыры баяндалды. Ол - АҚШ азаматтары Қазақстаннан асырап алған алғашқы балалардың бірі еді. Осы жолы, көрермендердің сұрауы бойынша Темірланды іздеп таптық. Он жыл бұрын мектепте оқитын жігіт қазір жиырма алтыға толды. Вашингтон қаласында тұратын Темірланның өзімен және ата-анасымен Мэриленд штатындағы гольф клубта кездестік. Темірлан бізді гольф клубқа не үшін шақырды, он жыл ішінде оның өмірінде қандай оқиғалар болды, мақсат-мұратына жетті ме, осы және өзге де сұрақтардың жауабы бағдарламада беріледі.