Өңірде 6 қаржы пирамидасы жойылды

Өңірде 6 қаржы пирамидасы жойылды

Ақмола облысында жыл басынан бері төрт қаржы пирамидасы әшкереленді. Оларға 2 мыңнан астам азамат қатысып, 1 миллиард теңгедей қаражат салған. Бұл туралы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, екі қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелері анықталып, жұмысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Алаяқтар адамдарды қаржы пирамидасына тарту үшін, оны инвестициялық қор, табысы жоғары ұйым деп таныстырған.