Оргил Бат: Қазақстанның танымалдығын арттыру үшін үлкен жоба әзірлеп жатырмын

Оргил Батты қазіргі заманғы көшпенділердің бірі деуге болады. Ол Моңғолияда дүниеге келген. Кішкентайында ата-анасымен бірге Швецияға қоныс аударған. АҚШ-та білім алған. Бір жылға отанына оралып, кейіннен Қазақстанға көшіп келген. Осында тұрып жатқанына үшінші жыл болды. Алғашында Оргил халықаралық компанияда еңбектенген. Сосын болашақ бизнес-серіктесін кезіктіріп, қазір екеуі бірге Қазақстанның танымалдығын арттыру үшін туристік компанияда үлкен жоба әзірлеп жатыр.