Отбасымызда америкалықтан қазақ көп. АҚШ 2-бөлім

Кэтрин Левит – жалғызбасты ана. Қазақстаннан төрт бірдей баланы асырап алған. Үш қыз, бір ұл. Есімдері - Жанна, Анар, Қарлығаш, Әлішер. Төртеуі төрт бөлек әлем. Үш қыз университетте оқиды, ең кішісі 13 жаста, яғни Қазақстан азаматы. Американдық әйелдің төрт бірдей баланы асырап алуына не себеп? Бір үйде өскен қазақтың төрт баласы бір әке, бір шешеден туған ба?! Толығырақ бағдарламада баяндалады. Осы бөлімде Левиттар отбасына көршілес тұратын тағы бір қазақ қызының өмірбаяны көрсетіледі. Оның есімі – Әлия, Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Анасы 18 жасар қыз, сәби өмірге келгенде бірден бас тартқан. Әлияның туған әкесі полиция қызметкері болып шықты. Әлияны бағып алған американдық отбасының Кореядан асырап алған тағы бір қыздары бар екен.