Өткен шақтың болымсыз түрі

Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.