Қарақұйрық – қауіп төнсе, дабыл қақ!
Түз тағысы – қарақұйрық! Кезінде осы бір кербез аң – Ұлы даланың төсінде үйір-үйірімен толып жүретін. Алайда, адамның шаруашылық әрекеттері мен браконьерлердің сұғанақтығы олардың санын күрт азайтып жіберді. Outdoor World бағдарламасының келесі шығарылымында сирек кездесетін жануарлардың бір-бірінен бөлініп қалған топтарының емін-еркін араласып, генетикалық материалдармен алмасуына мүмкіндік беретін экологиялық дәліздер туралы әңгімелеп береміз.
Қарақұйрық Орталық Азиядағы көптеген елдердің шөл және шөлейт жерлерін мекендейді. Заманауи жүйелеушілер оны төрт түршеге бөледі: Араб түбегінде – араб қарақұйрығы, Шығыс Закавказьеде – парсы қарақұйрығы, Моңғолия мен солтүстік-батыс Қытайда – моңғол қарақұйрығы тіршілік етеді. Ал осы жануардың Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан жерлерін мекендейтін түрін – түрікмен қарақұйрығы деп атайды.