Павлодарда «Бірлік. Единство.KZ» атты жастардың халықаралық форумы өтті

Павлодарда «Бірлік. Единство.KZ» атты жастардың халықаралық форумы өтті. Айта кетейік ауқымды шара осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан және Оңтүстік Корея елінің делегациясы қатысты.

 

Форумның жастарға берер пайдасы мол. Осыған дейін оның аясында ондаған жоба қолға алынды. Ауқымды кездесуге келгендер осы жолы да белсенділік танытты. Бүгін мемлекеттік тіл, IT технологиялар және волонтерлік бағыттағы маңызды тақырыптар қамтылды.