Павлодарда «Театр, опера, балет» көрмесі ашылды

Павлодарда «Театр, опера, балет» көрмесі ашылды

Павлодарда қазақтың бұлбұлы Күләш Бәйсейітованың 110 жылдығына арналған көрме ашылды. Онда отандық театр суретшілерінің жұмыстары қойылған. Жергілікті музей қорларынан іріктелген 22 көркем туынды көптің назарына ұсынылды. Қылқалам шеберлері еңбектерінің дені осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын жасалған. Көрмеге қаңтар айының соңына дейін баруға болады.

Ольга Пашко, өнертанушы:

- Бұл көрме көрерменді 20-шы ғасырдың ортасына, яғни Алматыда театрлар ашыла бастаған уақытқа апарады. Көрмеден еңбектері орын тепкен суретшілер өз заманында сұранысқа ие мамандар еді. Қойылымды әрлеу үшін бар күш-жігерлерін салатын. Сондықтан Әубәкір Ысмайылов, Евгений Сидоркин, Гүлфайрус Ысмайылова, Владимир Колобенко сынды дарын иелерінің еңбектері Күләш Бәйсейітованың сахнада өнер көрсеткен уақытымен тұспа-тұс келеді.