Питер Айландтың Қазақстандағы қызметі

Көптеген елдерде мұнай-газ саласын бақылау мен сапаны қамтамасыз етудің тәжірибелі маман ретінде танылған Питер Айланд – бағдарламамыздың кезекті қонағы.

Кейіпкеріміздің балалық шағы мен жасөспірім кезі Англияда өткен. Жастайынан өзімен жасты балалардың арасында зеректігімен көзге түскенмен, Питердің сабаққа деген ықыласы болмапты. Тек колледжде оқып жүргенде ғана ақыл тоқтатып, білімнің пайдасы мен құндылығын ұғады. Осы кезден бастап оның білім алуға деген құлшынысы артады. Бүгінде Питер көп саяхаттап, әр түрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрімен жете танысқан. Қазіргі таңда ол – Атырауға көшіп келіп, мамандығын шыңдап, мұнай-газ саласында қызмет жасап жүрген азаматтардың бірі.