Премьер-Министр жасанды интелектіні ауыл шаруашылығына енгізуді тапсырды

Премьер-Министр жасанды интелектіні ауыл шаруашылығына енгізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов климаттық тәуекелдерді, астықтың түсімін және азық-түлік өнімдерінің нарықтық бағасын болжау үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды тапсырды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникалары паркін басқару процестерін оңтайландыру қажеттігін айтты. Агро секторға IT-құралдарын енгізу маңызды әрі тиімді. Себебі, жасанды интелекті егін егу жұмыстарын тиімді жоспарлауға ықпал етеді. Бірақ, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін алдымен елдегі ІТ компанияларды бұл салаға көптеп тарту қажет. Сонда ғана саладағы салғырттық азайып, цифрландыру процесі қарқынды жүреді. Ал, бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.