Президент 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

Президент 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

Мемлекет басшысы Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті. Онда жаһандық-экономикалық, климаттық және технологиялық мегатрендтердің қаупі мен қысымы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салада жинақталған теңгерімсіздіктер түгел ескерілген. Құжатта негізгі бес бірізді қағидат айқындалған.


Бұл атап айтқанда, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін, бәсекелестікті ырықтандыру әрі ынталандыру. Кәсіпкерлікті қорғау және дамыту. Сондай-ақ, экономиканың өсуі үшін оны жеткілікті инвестициялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инвесторлар үшін тартымды экономикалық саясат қалыптастыру. Сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік пен шығармашылық бастаманы қолдауға баса назар аудару. Инновациялық белсенділікті кеңейту, салалар мен кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру арқылы экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыруға баса назар аудару. Өңірлердің дамуында аса үлкен алшақтыққа жол бермеу және аймақтардың өз әлеуетін әрі экономикалық дербестігін іске асыруы үшін жағдай жасау.