Президент армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты
қабылдады. Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына былтыр
атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Армияның жауынгерлік дайындығы мен әскер
даярлаудың жаңа тәсілдері туралы баяндады. Руслан Жақсылықов мемлекеттік
қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу,
сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту жайына да тоқталды. Мемлекет басшысы
министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға
қатысты тапсырма берді. Бұдан бөлек, Арнайы операциялар күштерін дамытуды,
әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.

