Президент Телерадиокешені мен Al Jazeera — стратегиялық ынтымақтастықтың үш жылы
Қатар астанасы Дохада Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің
басшылығы әлемдегі ең ірі әрі беделді медиакомпаниялардың бірі - Al Jazeera
Media Network өкілдерімен кездесу өткізді. Президент Телерадиокешенінің
директоры Раушан Қажыбаева мен Al Jazeera Media Network-тың бас директоры Шейх
Нассер бин Фейсал Әл Тани ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін жан-жақты
талқылады. Шейх Нассер бин Фейсал Әл Тани арнаның Қазақстанда хабар таратуын
ұйымдастыруға және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі оқиғаларды таратуға арналған
кәсіби база құруға қызығушылық танытты. Сонымен қатар Раушан Қажыбаева Al
Jazeera Media Institute директоры Иман Әл Әмримен де кездесті. Кездесуде 2026
жылы екінші «Al Jazeera апталығын» өткізу жоспары расталды. Айта кетейік, 2024
жылы тараптар бірлесіп Maqsut Narikbayev University жанындағы халықаралық
журналистика мектебінің студенттері мен қазақстандық журналистерге арналған
Қазақстандағы алғашқы «Al Jazeera апталығын» өткізген еді. Еске салайық, 2025
жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera English телеарнасына
эксклюзив сұхбат берген болатын.

