Қазақ халық музыкасының дамуына үлес қосқан – Юрий Петрович

Бағдарламаның бұл шығарылымын музыкатанушы, қазақ халық музыкасын зерттеуші Юрий Аравиннің шығармашылығына арнаймыз. Мұнда оның көп қырлы таланты мен таңғаларлық оқиғаларына қанық боламыз. Кейіпкеріміздің бойындағы өнерінің қыр-сырын, шабытты қайдан алатынын және өзге де құпияларын Аравиннің қызы Ирен Юрийқызы сөз етеді. Аравин Юрий Петрович – 1941 жылы 2 сәуірде Твер қаласында кеңестік тарихшы, музыкатанушы, «Қазақстан халқы музыка тарихының» көптеген жинақтарының авторы Петр Васильевич Аравиннің отбасында дүниеге келді. Қазақ халық музыкасының дамуына Юрий Петрович өлшеусіз үлес қосты. Бәлкім бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің болмауы оны қызықтырған болуы да мүмкін.