Qarzhy saqshysy - оқушыларды алаяқтардан қорғануға үйрететін ойын
«Қаржы сақшысы» - Астанада мектеп оқушылары мен студенттер арасында осындай
ойын өткізілі жатыр. Мақсаты - қаржылық сауаттылықтарын аттыру, онлайн
алаяқтардан қорғануды үйрету. Ойын
барысында кейіпкерлер телефон шалып, жеке деректерін немесе код сұрап, шын
өмірдегідей алаяқтық схемаларын іске асырады. Шара «Заң мен тәртіп» қағидаты
негізінде еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіледі.
Ойын кезінде оқушыларға түрлі кейіпкерлер телефон шалып, ерекше акциялар
ұсынады. Сөйтіп, кодты не болмаса жеке мәліметін сұрайды. Яғни, тура шын
өмірдегідей, алаяқтардың схемаларын жүргізеді. Ал оқушылар осы арқылы өмірде
кездесуі мүмкін қаржылық қауіптерді байқап, оларға төтеп беруді үйренеді.
Әсіресе, жиі кездесетін пирамидалық схемалар, дропперлік немесе инвестициялық алаяқтықты
көрсетеді.
Елжан Әсілбаев, Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары:
- Бұл ойынның маңыздылығы- балаларды дұрыс ойлауға, жылдам шешім қабылдауға
және өзінің қаржылық қауіптері мен тәуекелдерін дер кезде аңғаруға көмектеседі.
+Балаға лекция арқылы айту бір бөлек, оған тәжірибе немесе осы ойын арқылы
жеткізсек, баланың санасында ақпарат ұзақ сақталады.
Оқушылар одан бөлек, жол ережелері
мен қоғамдық мінез-құлық ережелерін де меңгереді. Сыни ойлауды да дамытатын
тапсырмалар бар. Осылайша, оқушылар қиын жағдайда жылдам әрі дұрыс шешім
қабылдауға үйренбек. Сондықтан бұл ойындағы басты талап - шапшаңдық.
Уалихан Ахметов, информатика пәнінің мұғалімі:
- Жазбаша тапсырмалар қойылады ол жерде. Банктікілер қаржылық сауаттылық
жайлы, одан кейін логикалық есептер де
бар. +Ситуациялық тапсырмалар да бар. Телефонмен хабарласады, оқушы шешім
қабылдайды. СМС кодты айту, айтпау , сол сияқты әртүрлі жағдайларға байланысты
шешім қабылдайды.
Жоғары сынып оқушылары «Қаржы сақшысы» ойынында түрлі қаржылық және өмірлік
жағдайларды тәжірибе арқылы үйренеді. Ойын барысында өз шешімдерін қабылдай
отырып, қаржылық тәуекелдерді тез тануды меңгереді. Оқушыларға ойын қызықты, ал
ішіндегі түрлі жағдаяттар арқылы ақпаратты тез қабылдаймыз дейді. Сол арқылы
алған дағдыларды өз өмірлерінде қолданып қана қоймай, туыстары мен
ата-аналарына да кеңес береді екен.
Нұрай Тұрсынбек, 11-сынып оқушысы:
- Біз егер осы алаяқтық схемаларға өмірде тап болсақ, олардан қалай сақтану керегін үйрендік. Себебі, қазіргі кезде шынымен осындай жағдайлар көп кездеседі. Біз осы үйренген бар ақпаратты өмірде қолдана аламыз.
Астана қаласының Экономикалық тергеу департаменті мен Білім басқармасы «Қаржы
сақшысы» ойынын 120 мектеп пен 9 колледжде информатика сабағында белсенді
өткізіп жүр. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жоба 15 желтоқсанға дейін,
еліміздің барлық өңіріндегі мектептер мен колледждерді қамтуы тиіс.

