«Qazaq life: Дәстүр» Тамара Асармен. Қазақтың қасиетті бесігі
Әлди әлди әләуләй ұйықтай қойшы, балам ай,
Ақ бесікке жата ғой, тәтті ұйқыға бата ғой...
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөздің астарында қандай терең ой жатыр десеңізші! Шындығында, қазақтың құтты мүлігі баланың жатын орны ғана емес, ол – тәрбие құралы.
Құрметті, көрермен! Сіздерге «Qazaq life: Дәстүр» атты жаңа жобамызды ұсынамыз!
Бағдарламамыздың алғашқы шығарылымында елімізге белгілі әнші әрі салт-дәстүріміздің бүге-шүгесіне дейін білетін Тамара Асармен қазақтың қасиетті бесігі жайлы айтатын боламыз.
Бесікке бөлеу дәстүрі жайлы әңгімені өрбітіп, жалпы осы мүліктің тарихына тоқталып, осы мүліктің Қазақстанда алғашқы жиналмалы бесікті ойлап тапқан автор Ахмет Пернебекпен сұхбат өрбімек.