Рамазан - қайырымдылық айы

Біз болмысыздан қайырымды елміз. Дініміз, руханиятымыз бізді жомарттыққа, кеңпейілдікке, қамқоршылыққа шақырады. Осыны нық ұстанған халқымыз осыған нық жүректерін байлап, иманына байлаған. Біздің көңіліміз дархан, пейіліміз кең, тіпті қанымызға сіңіп, қасиетімізге айналған кеңпейілдік мінез бабаларымыздан қалған жалғыз Ұлы мұра десем артық емес. Көршісі аш кезде өзі тоқ отырған адам бізден емес деген Пайғамбар. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің. Қаншалықты кең боламыз, соншалықты кем болмаймыз.