Референдум: Әркімнің даусы маңызды!
Бүгіннен бастап АЭС салу бойынша референдум нәтижесіне
алдын-ала болжам жасауға болмайды. Сайлау туралы заңға сәйкес дауыс беруден 5
күн бұрын бейресми қоғамдық сауалнамаларға тыйым салынған. Қазір тек жұрт
референдумға шақырылуда. Себебі, әркімнің даусы маңызды. Ал, оның барысын шет
елдік ұйымдар да бақылайды. Айтпақшы, өзге мемлекеттен келетін БАҚ өкілдері мен
бақылаушылардың өтінішін қабылдау аяқталды. Тізімде қай ел өкілдері бар?
Атом стансасын салу бойынша қазақстандықтардың таңдауын
30 шет мемлекеттің 177 азаматы бақылайды. Арасында бес бірдей халықаралық ұйым
өкілдері бар. Тағы 37 елден 200-ге жуық тілші келмек. Айта кетейік 23 елдің
ақпарат құралдары бұған дейінгі референдум я, сайлаудың бірде-біріне
қатыспаған.

