Референдум – демократиялық бағыт
Шетелдік мамандар Қазақстанда өткен Референдумды елдегі атом энергетикасын дамыту жолындағы алғашқы маңызды қадам дейді. Ел талқысына салып, санасу нағыз демокартиялық бағыттағы жол деп баға беруде. Бүгін Алматы қаласында дәстүрлі «Ядролық ғылым және технологиялар» атты V Халықаралық ғылыми форумы басталды. Оған әлемнің 15 елінен келген 300-ден астам ғалым қатысып жатыр. Олар – радиациялық физиканың, материал танудың және медицина мен өнеркәсіптегі ядролық әдістердің өзекті мәселелерін талқылайды.
Оркун Хасекиоглы, «Tübitak» түрік ұйымы директорының орынбасары:
– Түркия келесі жылы «Аккую» атом электр станциясының бірінші реакторын іске қосады. Қазір 4 энергоблоктың құрылысы қатар жүріп жатыр. Біздің елде 70-ші жылдары энергияға деген мұқтаждық қатты туындады. Сондықтан Үкімет тарапынан АЭС құрылысы туралы шешім қабылданды. Қазақстандағы сияқты бізде арнайы референдум болған жоқ. Мемлекет халықтан тұрады. Демек, мұндай үлкен жобаларды қолға алмас бұрын халықтың пікірімен санасу өте дұрыс шешім.
Нариаки Сакаба, Жапонияның Атом энергетикасы агенттігінің директоры:
– Қазақстанда уранның мол қоры бар. Әрине, атом электр станциясын салудың маңызы зор. Кешегі өткен Референдум соның бір көрінісі. Иә халық пікірімен санасқан дұрыс. Түптеп келгенде мұның барлығы халық үшін жасалып жатыр.

