Референдум күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды
15-наурызда өтетін республикалық референдум күні Атырауда қоғамдық көлік тегін қатынайды. Автобустар кестеге сай таңғы сағат 6-дан 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл азаматтар дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз жетіп, өз таңдауын жасауы үшін ұйымдастырылып отыр. Сонымен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қала билігі жағдай жасаған. Бұдан өзге,еліміздің басым бөлігінде қоғамдық көліктер жолаушыларға ақысыз қызмет көрсетеді.

