Референдумның нақты қорытындысы жарияланды

Референдумның нақты қорытындысы жарияланды

Тұрақты энергияның тағдыры сарапқа салынған саяси науқанға 7,8 млн дауыс беруші қатысты. Бұл елдегі жалпы таңдау құқығы барлардың 63,66%-ы. Ал бүгін орталық референдум комиссиясы бұқара таңдауының қортындысын хабарлады. Қос қолдап қолдағандар саны 5 561 937 адам. Ал 2 млн-нан астам адам АЭС құрылысына қарсылық білдірген. Сондай-ақ таңдау жасаудан қалыс қалған қазақстандықтар да бар. Олардың саны 82 729 адам. Бұған қоса, 130 267 бюллетень бүлінген.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

– Осылайша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысты. Осылайша, республикалық референдум туралы Конституциялық заң нормаларына сәйкес, референдум өткізілді деп саналады.