Ресейдің арзан астығынан ішкі нарықты қорғау шаралары пысықталды

Ресейдің арзан астығынан ішкі нарықты қорғау шаралары пысықталды

Біздің бидайға әлемдік нарықта сұраныс азайып барады. Еуропаны айтпағанда, көрші елдердің өзінде өтпей жатыр. Бұл Қазақстан арқылы тасымалданатын шетелдік дақылға тыйым салудың кесірінен дейді сарапшылар. Олай жасамасқа тағы шара жоқ. Өйткені, Ресей сатып алушылар назарын өзіне аударып барады. Теріскейдегі көршіміздің кесірінен Еуропа нарығына да шыға алмай отырмыз. Бұл мәселе қалай реттелмек? Жалпы биыл қанша тонна астық жинадық?

 

Биыл егіннің шығымы жақсы. Қамбаға түскен бидайдың таза салмағы әзірге 17 миллион тонна. Соңғы 20 жылда Қазақстанда 16 млн тоннадан астам астық үш рет қана жиналды. Оның 50 пайызы азық-түлікке жарамды. Қалғанын мал жейді. Бірінші, төртінші және бесінші сорттағы бидайды шет ел асырсақ деген ниетіміз бар. Сатып алушылардың көшін Қытай бастап тұр. Иран, Әзірбайжан мен орталық азия елдері де қысқы азығын Қазақстаннан алуға ниетті. Ал, Еуропада тек Италия ғана тұрақты тұтынушымыз.