Республикада егін жинау жұмыстары 95% орындалды

Республикада егін жинау жұмыстары 95% орындалды

Қазақстанда егін жинау жұмыстары 95% жуық орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлімдегендей, бүгінде әлемде бидай жинау бойынша жағдай күрделі. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өтпеді. Ауа райының қолайсыздығы астық шығынының төмендеуіне ықпал етті. Десек те биыл елімізде бидайға деген қажеттілік толық қамтамасыз етілді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Қазақстанда дәнді дақылдар мен майлы дақылдарды жалпы жинауды 18 млн тоннаға, соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды 16 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары 95% жуық орындалды. Биылғы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, еліміздегі бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар. Жаңа астықтың сапасы айтарлықтай жоғары. Дән маңызы 28%-тен жоғары бидай көлемі жиналған астықтың жалпы көлемінің 74% жетті. Әлемдік нарықта осындай сапасы жоғары бидайға сұраныстың да жоғары екенін ескеру қажет.

Отырыс барысында Үкімет жетекшісі облыс әкімдері мен ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинау жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Авторы: Ақзер Сегізбай