Риддер: Жаңбыр суына арналған арна қашан салынады?

Риддер: Жаңбыр суына арналған арна қашан салынады?

Кенді Алтайдың жүрегі Риддер қаласы! Табиғат пен өндіріс қатар өрілген, тарихы бай өңірдің тазалық деңгейін тексереміз.

Бір қалада бәрі бар. Сенбілікке шыққан мыңдаған тұрғындар да, қоқыстан көз ашпаған ескі аулалар да. Риддерліктер жыл сайын мыңдаған ағаш отырғызып, қаласын көркейтуге үлес қосады. Бірақ жауын жауса, кей көшелер судың астында қалады... Қараусыз қалған иттердің жайы да алаңдатады.

Бұл жолы «Таза қала» жобасының түсірілім тобы жергілікті белсенділермен, әкіммен, тұрғындармен ашық сөйлесті. Риддер – расымен таза қала ма, әлде сырт көзге ғана сұлу ма? Жауабы — жаңа шығарылымда!