Саан – Қырым татарларының ежелгі ыдысы

Саан – биік қырлары бар мыстан жасалған ыдыс. Кезінде қырым татарлары осынау бұйымды, өзгелерден тым ерекше көрген. Сондықтанда, әр ас үйде саан төрде тұрған. Сонда саанның қандай қасиеттері бар? Біз бүгін осы сұрақтың жауабын іздейміз. Сатушылардың айтуынша, Бахчисарай қаласында атақты Рустем Дервиш есімді мыс шебері бар екен. Ол кісі жай ғана мыстан бұйымдар жасап қана қоймайды, сонымен қатар Қырым татарларының тарихын кеңінен зерттейді екен. Ендеше мен сол мейманға қарай бет алдым.